Текст
Атбасар қаласындағы №7 мектепте 1-сынып оқушыларына арналған қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Балалар мектеп кітапханасына саяхат жасап, кітап әлемімен танысты.
Мен, кітапханашы оқушыларға кітапхананы пайдалану ережелері туралы айтып, қызықты балалар кітаптарын көрсеттім. Балалар кітаптарды қызығушылықпен тамашалап, өздеріне ұнаған кітаптармен танысты.
Экскурсия көңілді әрі танымды өтті. Кішкентай оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бұл кездесу балаларға жақсы әсер қалдырды.
Ж. Акпаева
