Бүгін мектебімізде экология министрі Бағдат Сабыржан Мырзабекұлы мен мектеп еріктілерінің қатысуымен «Экологиялық плогинг» акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты: қоршаған ортаның тазалығын сақтау, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, жастарды қоршаған ортаны қорғауға, қоқысты арнайы орындарға жинауға және туған өлкенің тазалығына үлес қосуға шақыру.
Экологиялық плогинг барысында қатысушылар дене белсенділігін табиғатты қорғау ісімен ұштастырып, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосудың маңызын көрсетті.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Тазалықты сақтау өзімізден басталады!
Таза табиғат – жарқын болашақ! Бірге таза орта қалыптастырайық!
#7ЖОББМ #ЭкологиялықПлогинг #МектепЕріктілері #Экология #Таза Қазақстан
