23.10.2026
2026 жылдың 23 қазан күні мектебімізде еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Республика күніне арналған Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептері қызметкерлері арасындағы «Ұлттық ойындар» аудандық турнирі өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрге деген құрметін арттыру, ұлттық мұраны сақтауға баулу. Оқушылардың дене қимылын дамыту, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу. Ұлттық ойындар арқылы патриоттық сезімін қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Бұл іс -шараға қазақстан Республикасының гимнімен бастау алды.Аталмыш іс - шараға
Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Рахимжанов Мейрамбек Құдайбергенұлы қатысып, атаулы мерекемен құттықтап, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Мектебіміздің ең талантты патриоттары осы мерекеге арнап, ән мен билерін паш етті.