17 шілде күні «Болашақ көшбасшылар» аула клубының белсенділері арасында заң және тәртіп тақырыбы аясында «Дұрыс әрекет – қауіпсіздіктің кепілі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын орындаудың маңызы туралы түсінік берілді. Балалар түрлі жағдаяттарды талқылап, дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратып, өз ойларымен бөлісті. Танымдық іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайтуға ықпал етті.
Мақсаты:
Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жауапкершілікке, тәртіптілікке және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
