Текст
2026 жылдың 17 қыркүйек күні мектебіміздің 6 сынып оқушылары Атбасар ауданының «Төтенше жағдайдар» бөлімшесіне арнайы экскурссияға барды. Бөлімше қызметкерлері мектебіміздің оқушыларымен «Өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу. Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т. б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
