22.10.2026
2026 жылдың қазан айының 5 мен 21 күндері аралығында мектебімізде « Қош келдің - Алтын күз» мерекесі мектебімізде кеңінен аталып өтті. Мақсаты:оқушыларға күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстыру, күзгі табиғаттың әсемдігін сезінуге үйрету, жеміс-жидектер мен көкөністердің пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге, қорғауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл күй сыйлау. Мерекені атап өту мақсатында мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында әр түрлі форматта іс – шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Күзгі жәрмеңке»-түрлі тағамдар жәрмеңкесі, « Күз сыйлары» атты нотюрморттар көрмесі, « Күз-ән, күз -жыр» концерттік бағдарлама, « Күз Ханшайымы» байқаулары ұйымдастырылды.