"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа № 7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Көрме

22.10.2026

25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында «Қазақстан – менің мақтанышым» атты макет жасау қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның тарихын, мәдениетін және ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын, қолөнер шеберлігін дамыту және өз идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру.
Көрмеге 5 «А», 5 «Ә» және 6 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар өз қолдарымен  макеттер жасап, туған елге деген сүйіспеншіліктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың бойында ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастырып, елін сүюге, Отанын құрметтеуге және оның жарқын болашағына үлес қосуға тәрбиелейді.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, мақтанышымыз және болашағымыз!
#РеспубликаКүні #ҚазақстанМеніңМақтанышым #ҚолөнерКөрмесі #МектепПарламенті #ПатриоттықТәрбие #ҰлттықҚұндылықтар

Просмотров: 47


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст