2026 жылдың 9 қазан күні қаламыздың № 1 жалпы орта білім беретің мектебінде « Мемлекеттік тіл- ұлт болашағының негізі» атты Атбасар ауданының форум -практикумы өтті. Мақсаты: мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау бағытында педагогтердің тиімді тәжірибелерімен алмысу, заманауи әдіс -тәсілдерді тәжірибеге еңгізу, оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасау және мектеп -отбасы-қоғам ынтымақтастығын нығайту.
Форумның ұраны: «Тілді үйрету -міндет, тілде сөйлеуге жағдай жасау-мүмкіндік, ал тілді дамыту -ортақ жауапкершілік. Форумның төртінші секциясына мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Смагулова қатысты. Секция отырысында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қолдау үшін түрлі платформалармен қазақ тілін жетік меңгеру жолдары көрсетілді.
