Атбасар қаласының №7 мектебінің «Алтын түлектері»
Ұрпағы білімді халықтың болашағы әрқашан жарқын әрі баянды. Бүгінгі таңда еліміздің берік үмітін арқалап, білім, ғылым және өнер биігінен зор беделмен көрініп жүрген жас өрендеріміз — біздің ең басты байлығымыз. Солардың қатарында Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары, мектебіміздің біртуар «АЛТЫН ТҮЛЕКТЕРІ» әрі үздік «ҚЫЗЫЛ АТТЕСТАТҚА» лайықты білімді жастарымыз – Траркан Гүлнар, Асылбекова Гульназир және Зейнуллина Аяжанның есімдерін ерекше мақтаныш сезімімен атап өтуге болады. Ұядан ұшып, үлкен өмірге нық қадам басқалы отырған осы үш жұлдызымыздың жетістіктері мен үлгілі мінездемесін оқырман назарына мақтанышпен ұсынамыз.


