Текст
21.10.2026
2026 жылдың қазан айының 21 күні мектебіміздің салтанат залында «Күз Ханшайымы» байқауы болып өтті. Бұл байқауға 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау ІІ кезеңнен тұрды: І-кезең- таныстырумен өнерлері. ІІ –кезең – сән үлгісі. Әділқазы алқалары мектебіміздің әлеуметтік педагогы -Муканова Гульзада Кабдешовна, мектебіміздің психологы – Жумашова Жанар Оразовна, мектебіміздің тәлімгері – Жумабаева Асемгуль Калитаевна. Байқау қатысушылары әр кезеңге үлкен жауапкершілікпен дайындалып келген. Әділқазы алқаларының шешімімен: ІІІ –орынды 9 А сыныбының оқушысы Солдатханқызы Айару, ІІ- орынды 9 Ә сыныбының Орынбаева Ақмарал, І -орынды 9 Б сыныбының оқушысы Кайдарова Риза иеленіп, грамотамен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.