Текст
23 шілде күні «Болашақ көшбасшылар» аула клубының белсенділері мектебіміздің қарт ұстазы Марияш Қайыржановнаға қолғабыс көрсету мақсатында арнайы барып қайтты. Іс-шара барысында балалар ұстаздың үй шаруасына көмектесіп және басқа да қажетті жұмыстарға атсалысты. Сонымен қатар, жылы әңгімелесіп, ізгі тілектерін білдіріп, үлкенге деген құрмет пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Бұл игі іс-шара жас ұрпақтың бойында қайырымдылық, сыйластық, еңбекқорлық және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ықпал етті.
Мақсаты:
Балаларды үлкенді құрметтеуге, мейірімділік пен қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, еріктілік мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыру.
