"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа № 7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

25 Мамыр

25.05.2026

2026 жылдың 25 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде  « Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау»  атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынымыз сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиынның құрметті қонақтары-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Махметов Бегахмет Сабыржанович   және Атбасар ауданы білім бөлімінің  әдіскері  Мустафина Гульмира Сагатбековна қатысты. Мектебіміздің директоры- Н.Алкенова оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен  құттықтады. Ата – аналар тарапынан мектебіміздің ата – аналары -  Рахат Паниза және Қырқанова Жанар   Кәкімқызы апай түлектерге ақ жол тіледі. Түлектеріміздің алғашқы ұстаздары: Үндібаева Балым Мизамовна  мен Халел Марзия, сонымен қатар сынып жетекшілері-  Жылгельдина Бидаш Сабыржановна мен Токбергенова Айгерим Кайроллаевна түлектерді құттықтады. Сонымен қатар түлектердің ізбасарлары 10 сынып оқушылары да құттықтауларын айтып, дәстүрлі түрде « Білім кілтін» табыс етіп, тәтті сыйлықтарын табыстады. Салтанатты жиын соңында түлектеріміз соңғы мектеп вальсын және « Мектебім » әнін орындап, соңғы қоңырауларын соқты. Сонымен қатар осы күні 1-10 сынып оқушылары үшін де 2025-2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Заң және тәртіп» атты тәрбие сағаттары өтті.

Просмотров: 554


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст