Текст
12.06.2026
Бүгін «Әуен» аула клубының қатысушылары кітапханадағы коворкинг орталығына танымдық саяхат жасады.
Іс-шара барысында балалар кітапхананың жұмысымен танысып, коворкинг орталығының мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Қатысушылар кітап оқып, қызықты әдебиеттермен танысып, өздерінің бос уақыттарын тиімді өткізудің маңызын түсінді.
Іс-шараның мақсаты:
* Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
* Танымдық белсенділігін дамыту;
* Бос уақытты тиімді ұйымдастыруға баулу;
* Кітапхана мәдениетін насихаттау.