Текст
01.07.2026
1 шілде күні мектебімізде «Болашақ көшбасшылар» аула клубының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара қызықты әрі көңілді ойындар форматында ұйымдастырылып, балалардың белсенді қатысуымен өтті. Қатысушылар түрлі командалық ойындарға, сергіту жаттығуларына және танымдық тапсырмаларға қатысып, ұйымшылдықтарын, ептіліктерін және көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Ашылу кеші көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалыстың жарқын басталуына айналды.
Мақсаты: балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, бос уақытын мазмұнды өткізуге жағдай жасау, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту, белсенді өмір салтын насихаттау.