Текст
08.07.2026
07 шілде күні «Болашақ көшбасшылар» аула клубының белсенділері «Туған жерім – тал бесігім» ұранымен Атбасар қаласы бойынша танымдық серуенге қатысты.
Серуен барысында балалар туған қаламыздың көрікті жерлерімен танысып, оның тарихы мен мәдениеті туралы мағлұмат алды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтады.
Туған жер – әр адамның алтын бесігі!