"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа № 7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Тренинг

10.07.2026

09 шілде күні «Болашақ көшбасшылар» аула клубының белсенділері арасында балалардың бір-бірімен жақынырақ танысуына, еркін қарым-қатынас орнатуына және топтық ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған түрлі психологиялық тренингтер өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар «Танысу», «Крокодил» және басқа да қызықты тренингтік ойындарға белсенді қатысты. Ойындар барысында балалар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, тапқырлығы мен актерлік шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, бір-бірін тыңдау, қолдау көрсету және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытты.
Мақсаты: балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық ынтымақтастықты нығайту, өзара сенімді арттыру, коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру.
Тренингтер көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қатысушылардың белсенділігін арттырып, достық қарым-қатынастың нығаюына ықпал етті.

Просмотров: 575


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст