21.07.2026
21 шілде күні «Болашақ көшбасшылар» аула клубының белсенділері арасында футболдан спорттық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар екі командаға бөлініп, өзара тартысты ойын көрсетті. Балалар ептілік, жылдамдық және командалық бірліктің маңызын іс жүзінде дәлелдеп, белсенділік танытты. Сайыс достық қарым-қатынас пен әділ бәсеке рухында өтіп, қатысушылар көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер алды. Осындай спорттық іс-шаралар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, денсаулығын нығайтуға және спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
Мақсаты:
Балалардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа, тәртіпке және жеңіске деген жігерін қалыптастыру.