23.07.2026
22 шілде күні «Болашақ көшбасшылар» аула клубының белсенділері арасында «Құқық әлемінде» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар құқықтық тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындады. Ойын балалардың заң туралы білімдерін тереңдетіп, өз ойларын еркін жеткізуіне, тапқырлық пен жылдамдық танытуына мүмкіндік берді. Белсенділер қызығушылықпен қатысып, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы маңызын түсінді. Іс-шара танымдық әрі тартымды форматта өтіп, қатысушылардың білімдерін шыңдауға ықпал етті.
Мақсаты: Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.