"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа № 7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Экологиялық акция

25.07.2026

24 шілде күні «Болашақ көшбасшылар» аула клубының белсенділері «Гүлге қамқорлық – табиғатқа жанашырлық» атты ұранмен мектеп ауласындағы гүлдерді суарып, оларды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында балалар гүлдердің өсуі мен көркеюі үшін тұрақты күтімнің маңызын түсініп, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Белсенділер қоршаған ортаның тазалығы мен әсемдігін сақтауға атсалысып, еңбекке деген жауапкершілік пен табиғатқа жанашырлық қасиеттерін көрсетті. Бұл шара оқушылардың экологиялық санасын қалыптастырып, туған жердің табиғатын қорғауға деген қамқорлық сезімін нығайтты.
Мақсаты:
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, гүлдерге ұқыпты күтім жасаудың маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Просмотров: 991


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст