01.09.2026
2026-2027 оқу жылының 1-қыркүйек күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары үшін қаламыздың орталық алаңында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен басталды. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары: Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Махметов Бегахмет Сабыржанович мектеп ұжымын, ата – аналарды, мектеп оқушыларын, 1 сынып бүлдіршіндерін білім күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Н.А.Алкенова ата – аналарды, 1 сынып оқушыларын атаулы мерекемен құттықтап, мектеп жетістіктеріне тоқталды. Мектебіміздің ең дарынды оқушылары өздерінің әндерімен билерін атаулы мерекеге арнап, сахнаның сәнін келтірді. Оқу ісінің меңгерушісі М.Е. Шакеева 2026-2027 оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстырды. 1 сынып бүлдіршіндері тәтті дауыстарымен мектептеріне, ұстаздарына арнап тақпақтарын арнады. Ата – аналар тарапынан құттықтау сөз Нығыманова Меруерт Маратқызына берілді. 11 сынып түлектері 1 сынып оқушыларын құттықтап, арнайы сыйлықтарын табыс етті. Алғашқы қоңырауды соғу рәсімін мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып бүлдіршіндері бірілді. Жиын соңында мектеп оқушылары үшін « Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Сонымен қатар құқықбұзушылықтын алдын алу мақсатында полиция майоры Р.Бимаганбетов мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттармен таныстырды.