Текст
04.09.2026
Ақмола облысы Атбасар қаласындағы №7 мектепте «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, оның маңыздылығын насихаттау және мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру. Көрмеге қазақ тілі, мәдениеті, тарихы мен әдебиетіне арналған кітаптар қойылды. Оқушылар көрмеге қойылған кітаптармен қызығушылықпен танысып, ана тілі туралы білімдерін толықтырды.