Текст
08.09.2026
2026 жылдың 8 қыркүйек күні мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларымен Атбасар ауданының ішкі істер бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Токжуманова Самал Сериковнамен арнайы кездесу өтті. Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу, буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез құлықтың, нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Оқушыларға түнгі уақытта қала көшелеріне шығуға тыйым салынатыны туралы да ескертілді, сонымен қатар мопед, велосипед, мотороллер, т.б. көліктерге арнайы құжатсыз мінуге болмайтыны туралы ескертілді.