Текст
09.09.2026
2026 жылдың 9 қыркүйек күні « Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында мектебімізде тазалық сенбілігі өтті. Мақсаты: оқушыларда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру. Балалар табиғатты қорғаудың маңызын ерте жастан түсінсе, болашақта жауапты азамат болып қалыптасады. «Таза Қазақстан» – әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуы тиіс ұғым. Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол ойдың, мәдениеттің және жауапкершіліктің көрінісі. Егер мемлекет, қоғам және әрбір азамат бір мақсатта әрекет етсе, Қазақстанды шын мәнінде таза әрі қолайлы елге айналдыруға болады.