Текст
12.10.2026
2026 жылдың 12 –ші қазан күні мектебіміздің 1-11 сыныптарында «Dosbolike!» атты тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: балалардың достық туралы ұғымын кеңейту. Достарға деген қарым- қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір- біріне көмек көрсету және қамқор болу. Әлімжеттікке, бопсалауға жол бермеу. Сынып жетекшілер оқушыларға арнайы бейнероликтер арқылы достықтың мағынасын ұғындыру мақсатында түрлі мысалдар көрсеттіп, достықтың адал болуы керек екендігін түсіндірді.