"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа № 7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Байқау

20.10.2026

2026 жылдың 20 қазан күні қаламыздың мәдениет үйінде «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» атты  қазақ тілін орыс мектептерінде оқитын оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 
Байқаудың негізгі мақсаты: білімалушыны қателігі үшін сынау емес, оның қазақ тілінде сөйлеуге деген сенімін арттыру және мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру. Байқаудың шымылдығы мектебіміздің ең дарынды оқушылары «Батырлар» биімен және Байгазин Айматтың орындауында « Мен қазақпын» әнімен ашылды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. «Таныстыру»- « Мен қазақ тілінде сөйлеймін!», « Өлең -сөздің көркі, ән -көңілдің көркі», «Шеберді таңда-сұраққа жауап бер!».
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болған қатысушылар арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
1 орынды № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Базгиева Алия иеленіп, 150 мың теңге сертификатына ие болды.
2- орын Садовое орта мектебінің 8 сынып оқушысы Закирова Ясмин иеленіп, 100мың теңге сертификатына ие болды.
3 орын-  № 6 аралас орта мектебінің 9 сынып оқушысы Семенча Софья иеленіп, 50 мың теңге сертификатына ие болды. Жабылу салтанатында мектебіміздің өнерлі әншісі Серикбаев Мади « Мен мақтанамын» атты әнін орындап, 2-3 және 5 сынып қыздарының орындауында « Рух» атты әнімен байқау шымылдығын жапты.

Просмотров: 93


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст