Текст
21.10.2026
2026 жылдың 21 қазан күні мектебіміздің еріктілері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты.
Акция аясында мектеп еріктілері ағаш отырғызу жұмыстарына қатысып, қоршаған ортаны көгалдандыруға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Ағаш отырғызу арқылы оқушылар туған жердің көркеюіне үлес қосып, табиғатты аялаудың, жасыл желекті көбейтудің маңыздылығын түсінді.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады.
«Таза Қазақстан – таза болашақ!»
Мақсаты: Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, туған жердің табиғатын аялауға, көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысуға тәрбиелеу.