Текст
30.10.2026
27 қазан күні күзгі демалыс жоспарына сәйкес 5-сынып оқушылары Атбасар тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барды.
Шараның басты мақсаты — оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту және каникул уақытын тиімді әрі қызықты өткізу. Экскурсия барысында оқушылар мұражайдың құнды экспонаттарымен танысып, өңірдің өткені мен мәдени мұрасы жайлы терең мағлұмат алды. Балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әсерлі көңіл-күймен қайтты.